«Жасыл ел жастар еңбек жасағы» өз жұмысын бастады



    • «Жасыл ел жастар еңбек жасағы» өз жұмысын бастады

      Университеттің «Жасыл ел жастар еңбек жасағы» 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасайды.

      1 маусымнан бастап аталмыш жасақ биылғы  жазғы еңбек маусымын бастап кетті. Жасаққа университеттің 100 студенті қабылданды.

      Еліміздің жасыл экономикасына бей-жай қарамайтын жалынды жастары табиғат тазалығы, көгалдандыру мен гүлзарлау жұмыстары мен қатар қоғамдық жұмыстарды атқарады.

      Әр қатысушыға арнайы жұмыс киімдері мен еңбек маусымының аяғына дейін студенттер үйінде тегін тұруға жағдай жасалды. 

      Қазіргі кезде филология институты бойынша  - 21, педагогика-психология институтынан - 23, физика- математика және цифрлық технологиялар институтынан— 11,  әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтынан - 5 , жаратылыстану  институтынан- 34   студент  қатысуда.

      Жасақ мүшелеріне қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Бөлісу: