Халықаралық балаларды қорғау күні



    • Халықаралық балаларды қорғау күні

      Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универитеті ұжымының   және  өзімнің  атымнан  баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Жаз мезгілінің  алғашқы  күнімен    қатар келетін  осы  бір шуақты күн – бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мереке.
      Ата-ананың бақыты –  перзентінің   жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сондықтан  да  бұл мерекенің маңызы зор.

      Қымбатты балалар! Біздің  болашағымыз – сіздер! Оқуда озат болуларыңызға, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
      Болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар!

      Құрметпен,  Қазақ ұлттық қыздар қыздар пеагогикалық универстетінің 

      Басқарма  Төрағасы – Ректор  Гүлмира  Қанай

       

      Бөлісу: