Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз



    • Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз

      Құрметті  ұстаздар,  атаналар,  түлектер!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  ұжымы және өзімнің атымнан  баршаңызды  Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

      Түлектеріміз жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған алтын ұя мектептерінің табалдырығын аттап, үлкен жолға аяқ басқалы тұрса, ұстаздарымыз бен  ата-аналар  тағы бір үкілеген үміттерін үлкен жолға шығарып салып, ақ батасын беруде. Сондықтан да бүгінгі күн қуаныш пен жүрек тебірентер сәттерге толы, жауапты да айтулы күн. Еліміздің  жарқын болашағын жасайтын,  келешектің  тұтқасы  болар перзенттеріңіз,  шәкірттеріңіз сенімдеріңізді   ақтап, биік  белестерді  бағындырсын!

      Жас түлек,  Сіз өз арманыңыздағы мамандықты  таңдау жолында үлкен өмірге аяқ басып  барасыз. Өмірдегі  ең   жауапты  қадамдарыңызды  дәл басып,  аңсаған армандарыңызға жетулеріңізге  тілектеспін! Осы бір  мүмкіндікті қолдана отырып, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, тұлға етіп тәрбиелеген аяулы ұстаздарыңыз сияқты педагог мамандығын таңдауға шақырамыз!

      Баршаңызға өмірде сәттілік, жетістік, ақ жол тілейміз!

      Құрметпен,  Басқарма  Төрағасы  – Ректор Гүлмира  Қанай

      Бөлісу: