«ҚызПУ» құрама командасы үстел теннисінен І орынды жеңіп алды



    •   «ҚызПУ» құрама  командасы үстел теннисінен  І орынды  жеңіп  алды

      25 мамыр күні Ақтау қаласында   ЖОО студенттерінің арасында ХІІ жазғы Универсиаданың үстел теннисі ойындары басталған болатын. Аталмыш жарысқа  университетіміздің  «ҚызПУ» құрама командасы  қатысып,  жүлделі  І орынды  жеңіп  алды.

      Теннисшілер Универсиада жарысын қызықты ойынмен бірінші болып бастады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен  жарысқа  21 жоғары  оқу  орнынан 4000-ға жуық студент қатысқан.  Атап  айтсақ, 16 ерлер командасынан 48 спортшы және 15 әйелдер командасынан 45 спортшы ойын көрсетті. Біздің қыздар командасының  құрамында Педагогика және психология институтының 1 курс студенттері Сайдкаримова Музайян, Ислам Меруерт және Саидмуратханова Сарвиноз бар.

      Ақтау универсиадасының үздіктері Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXII дүниежүзілік универсиадаға және «ІІ Түркі» универсиадасына жолдама алатын болады.  Педагогика  және  психология  институтының 1 курс студенті Саидмуратханова Сарвиноз қазан айында  өтетін түркі ойындарына қатысу үшін ҚР Ұлттық құрамасының құрамына енді.

      Құрама команданың жаттықтырушысы, университетіміздің  дене шынықтыру және  спорт  кафедрасының   аға оқытушысы, КСРО спорт шебері Алла Кухаренко: «Біздің  команданың  қыздары  нағыз  ерік-жігерді мықты  қыздар, университеттің патриоттары деп  айтсам  болады. Мен  командаммен  мақтанамын,  қыздардан үлкен  үміт күтемін. «ҚызПУ» құрамасының капитаны 4 курс студенті Ислам Меруерт Астана қаласындағы 2022-2023 жылғы финалдық лиганың жеңімпазы. 1 курстың  қыздары да  одан кем түскен  жоқ. Али мен Меруерт біздің құраманың рухы мен күшін көтерді деп айтуға  болады. Қазір 25 шілдеде  өтетін Қытай Халық Республикасының  Ченду қаласындағы Дүниежүзілік студенттік Универсиадаға Қазақстан атынан біздің  университтеттің  студенті  Саидмуратханова Сарвиноз бен  Қостанай  университетінен Дубровская барады  деп  жоспарланып  отыр» деп  атап  өтті.

      Тенисші  қыздарымызды  аталмыш жеңістерімен университет атынан шын жүректен құттықтаймыз! Әлі  де  талай  медальді  олжалайтынына  сеніміміз мол! Алдағы  өтетін жарыстарға  күш-жігер мен  сәттілік  тілейміз! 

                                                                                                                                                               МЕДИА

                                                                                 

                                                                                

       

      Бөлісу: