Университет өкілдері мансапты дамыту қауымдастығының (APCDA) халықаралық конференциясына қатысты
-
24 мамыр, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты кәсіби практика және мансап бөлімінің басшысы Алшынова Асел Сакенқызы және әдіскер Асылбекова Дамира Рустембекқызы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мансапты дамыту саласындағы идеялар мен тәжірибе алмасу форумы болып табылатын Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығының (APCDA) халықаралық конференциясына қатысты.
«APCDA - 2023 гибридті конференциясы Назарбаев Университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, APCDA Президенті, Veriteworks бас директоры Момоко Осака (Жапония) т.б. шетелдік оқу орындарының мансап орталықтары өкілдерінің қатысуымен «Тез өзгеретін әлемдегі мансапқа жаңа көзқарас» атты тақырыбында өтті. APCDA конференциясына әлемнің 13 елінен келген делегаттар, Қазақстанның 13 өңірінен келген университет өкілдері қатысты.
Конференция барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстан және болашақ трендтер» тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар түлектерді болашаққа дайындау; жасыл тенденциялар: тұрақты даму саласындағы мансаптық навигация, тұрақсыз уақытта болашақты болжау, мансаптық дамудың рөлі, мансаптық дамумен байланысты жасанды интеллектті демистификациялау, болашақ трендтер мен жұмыс орындары жайлы кеңінен талқыланды. Өзара тиімді ынтымақтастық пен университеттер арасындағы өзара байланыс мақсатында Қазақстан жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының қауымдастығын құру жоспарлануда.
«Кездесулер дәстүрге айналады, университеттер ынтымақтастығының географиясы кеңейеді деп үміттенеміз, жаңа идеяларды қалыптастыруға, мүмкіндіктер іздеуге, мансаптық даму тетіктерін пайдалануға ықпал етеді,- деп атап өтті ҚызПУ өкілдері.
Конференцияға қатысқандарға сертификаттар берілді.
МЕДИА
Бөлісу: