18 – мамыр – Халықаралық музей күні



    • 18 – мамыр – Халықаралық музей күні

      Бүгін 18 мамыр — Халықаралық музейлер күні. Атаулы күнге орай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Аqtumar» музейі ашық есік күніне шақырады! Жұмыс уақыты 10:00-16:00.

                  1978 жылдан бастап әлем елдерінің музей қызметкерлері 18 мамыр күні өздерінің кәсіби мерекесі «Халықаралық музейлер күнін» атап өтеді. Кеңестік кезеңде мереке ресми түрде 1977 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ Бас конференциясында бекітілген болатын.  

                   Ал бірінші болып түнгі мезгілде 1997 жылы Германия музейлері келушілерге өз есіктерін ашқан екен.  2005 жылы француздар «Музей түні» халықаралық музей акциясын жыл сайын өткізіп тұру туралы өз пікірлерін ұсынды. Осы жылы Еуропа Кеңесі аталған ұсынысты бекітті. 2006 жылы әлемнің 38 елінің 2 мыңнан астам музейлері «Музей түні» жобасының қатысушылары болды. Осы  жылы  «Музей түні» халықаралық акциясына Қазақстан елі де қосылды. Қазақстандағы «Музей түні» мерекелік шарасын алғашқылардың бірі болып ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырды.

       «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі  2002 жылдың қараша айында құрылды.   Осы  уақытқа  дейін университетке келген шетелдік  қонақтар,   елімізге  елімізге  белгілі  атақты  тұлғалар  музейді  тамашалап, қолтаңбаларын қалдырған.

      Айта кетейік, Халықаралық Музей күніне орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 18 мамыры күні, сағат 18.00- 00.00 аралығында «Музейдің тұрақтылығы мен өркендеуі» ұранымен дәстүрлі «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» акциясы 18-ші рет өткізілмек. Мұражайға кіру тегін.Мекен-жайы: Самал-1.д.44, ҚР Мемлекетік орталық музейі.Ашылуы: 2023 ж. 18 мамыр, сағат 18.00.Байланыс телефоны: 2 644 650

      Бөлісу: