Сапа менеджмент жүйесі ішкі аудиторларының біліктілігін арттыру
-
04 мамыр, 2023
2023 жылдың 4 мамырында "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" ҚеАҚ-тың сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) ішкі аудиторлар тобы "ҚР СТ ISО 9001-2016 талаптары. Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы " ISО 9001, 14001, 45001 стандарттары бойынша оқу курсын сәтті аяқтады.
Оқытуды "Стандарт ЛК" ЖШС ұйымдастырды. оқу барысында лектор Лязат Жуманкулова ішкі тексерулерді жоспарлау, дайындау және жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу және менеджмент жүйелерін жақсартуға қатысты ұсынымдар бойынша практикалық ұсыныстарды қолданды, сонымен қатар тындаушылар тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалауды түсіну, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды айқындау мақсатында алған қажетті құнды білімі мен дағдысын бекіту үшін емтихан тапсырды. Университет СМЖ ішкі аудиторларының біліктілігін арттыру мақсатында СМЖ-ны үнемі жақсартуды қоса алғанда, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін белсенді түрде жетілдіреді, сапаны ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне, университеттің бизнес-процестерін жетілдіруге ықпал етеді.
Университеттің СМЖ 2021 жылы " ISО 9001:2015 халықаралық "Русский регистр" сертификаттау қауымдастығымен, 2022 жылы менеджмент жүйесі аудитінің екінші кезеңінің нәтижелері бойынша "Алматы сертификаттау бюросы" ЖШС сертификаттау органымен ҚР СТ " ISО 9001-2016 стандартына сәйкес сертификатталды.
МЕДИА
Бөлісу: