«Мисс QyzPU-2023» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды
-
27 сәуір, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Мисс QyzPU-2023» сұлулық байқауы болып өтті. Сұлулық сайысына 100-ге жуық қатысушы өтініш беріп, соның ішінен 6 студент іріктеліп шығып, бақ сынасты.
Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеу , дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылуында Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Биылғы жылғы байқау жаңа құрамдағы тәуелсіз қазылар алқасының әділ бағалауының шешімімен өтті. Әділқазы алқаларының құрмында:Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының режиссері– Аридаш Оспанбаева, Қазақстанның бас стилисті- Мира Берген,қазақ тілді ең алғашқы beauty энтузиаст, университетіміздің түлегі – Жанерке Сейфуллина,. «Eleon drees» сәнді көйлектер дүкенінің негізін қалаушы- Ляззат Максатовна, жас әнші- Алихан Мақсат болды. Сонымен қатар игі шараны қолдап, көрермен көңілін көтеруге жастардың сүйікті жас әншілері де келіп, өз өнерлерін көрсетті.
4 тур бойынша сайысқа түскен қыздар «Қыз еркем, қылығымен көркем»– кезеңінде өз өнерлерін көрсетсе, «Шебер қолдар» кезеңінде жаһандық тақырыптарға байланысты көйлектерді өздері үйден жасап келіп, таныстырды.«Зияткерлік бөлім» кезеңінде арулар салт-дәстүрге, тарихқа қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сайыстың соңғы кезеңі «Қыздарға әсемдік жарасады» бөлімінде аруларымыз сән үлгісімен сынға түсті. Әділ қазы алқалары 10 балдық жүйе бойынша әр сайыс соңында аруларымызды бағалай келе, қорытынды есеп төмендегідей болды:
Бас жүлде – Физика-математика және цифрлық технологиялар институтының студенті Ибрахимқызы Нағима
- 1 орын- Жаратылыс Институтынан Берік Мөлдір Дәуренқызы
- 2 орын – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының студенті Сәбит Жанна Сайлаубекқызы
- 3 орын - Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының студенті Айдархан Анелья Айдарханқызы
Сонымен қатар сайыскерлерге арнайы номинациялар да белгіленді:
- «Көрікті Ару» номинациясын – Педагогика және психология институтынан Алиханова Айдана Еркінқызы
- «Өнерлі Ару» номинациясын - Филология институтынан Жақсыбек Әдемі Баймаханқызы иемденді.
Сонымен қатар жеңімпаздар 100 мың, 70 мың, 50 мың, 30 мың, 10 мың теңгелік ақшалай сертификаттарға және «Eleon drees» сәнді көйлектер дүкенің, «Din bags» сапалы әрі тиімді бағадағы сөмкелер дүкенінің,«Tomiris_jewellery» зергерлік үйінің бағалы сыйлықтарына ие болды. Барша жеңімпаздарды универитет атынан шын жүректен құттықтап, демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген барша әділқазы алқалары мен қонақтарға алғыс білдіреміз!
МЕДИА
Бөлісу: