Жас ғалым іргелі зерттеуімен бөліседі



    • Жас ғалым іргелі зерттеуімен бөліседі

      Қыздар университетінде бастау алған «T2T Networking» шарасы аясында 11 қараша күні «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының ғылыми кеңесінің мүшесі Нұрхат Жакиев оқу орны білім алушыларына ғылыми семинар өткізеді.

      «Физикалық процесстерді компьютерлік модельдеу» тақырыбында өтетін жиында ғылыми зерттеудің нәтижелері егжей-тегжейлі баяндалмақ.

      Айта кетейік, «T2T Networking» жобасының мақсаты – еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнындағы жас ғалымдардың ортақ диалог алаңын құрып, ауылдық жерде орналасқан мектептердің ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеру.

      Шара шеңберінде білім және ғылым салаларында жетістікке жеткен жас ғалымдар шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізбек.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: