"Қазақ тілін ұлттық брендтер негізінде сандық ресурстар арқылы меңгерту" жобасы таныстырылды.
-
17 сәуір, 2023
Филология институтытында ғылым айының бағдарламасына сәйкес жоба жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты Лира Ибраймова 3 жыл бойғы (2021-2023) жұмыстары туралы презентация жасады. "Қазақ тілін ұлттық брендтер негізінде сандық ресурстар арқылы меңгерту" жобасы аясында жасалған таудай еңбектің оңай болмағандығын бейнероликтермен көрсетіп берді.
Таныстыру барысында 2023 жылға жоспарланған мынандай іс-шараларды атап өтті:
- «Ұлттық бренд арқылы оқыту – жаңа үлгі» атты осы университетті бітіруші түлектерге арналған онлайн-семинар өткізу (2023 ж.)
- Қазақ тілін оқытуды трансформациялап, жоба нәтижелерінен алынған әдіснамалық, әдістемелік қорытындыларды оқу үдерісіне енгізу.
- Ұлттық брендтерді негізге алып оқыту және сандық ресурс арқылы тілді меңгерту бойынша ақылы түрде біліктілікті арттыру курстарын жүргізу.
- Ұлттық бренд танымдық-мұражайы Google жинағына қосымша жасау
- «Ұлттық бренд әлемдік кеңістікте» атты виртуалды «Саяхатшы-оқулық» орыс, ағылшын тілдеріндегі субтитрымен және қазақ тілінің кирилл және латын әрпіне негізделген, Google Play Маркетке қосымша жасау
Л.Ибраймова жоба жұмысының нәтижелерін көрсете отырып, студенттерге ғылыммен не үшін және қалай айналысқанда тиімді болатындығын, қандай жағдайда коммерцияланатындығын айтты. Түрлі бейнероликтерді көрсетіп, жастардың қызығушылығын оятты.
Бөлісу: