Ғылым айы аясында География кафедрасында халықаралық конференция өтті



    • Ғылым  айы  аясында География  кафедрасында халықаралық конференция  өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Ғылым айы» аясында  бірқатар халықаралық семинарлар мен  конференциялар өтуде. География кафедрасында География білім беру бағдарламасының көшбасшысы PhD, қауым.профессор Е.А.Тулегенов пен магистр, аға оқытушы Б.Ш.Калиевтің ұйымдастыруымен «Географиялық білім - қазіргі әлемдегі жаһандық өзара түсіністіктің негізі ретінде» тақырыбында халықаралық деңгейдегі ғылыми семинар өткізілді.

                                                                                

      Ғылыми семинар барысында Түркия мемлекеті, Эрзурум қаласы, Ататүрк университетінің PhD-докторанты Sofiya Aziz Akgül «Түркияның тау-шаңғы туризмінің ерекшеліктері», ҚазҰҚПУ  PhD-докторанттары А.Ш.Қиясова «Географияны оқыту мен оқу үдерісіндегі апгрейд», А.С.Мурзинова «Геоэкологиялық мәселелерді оқытуда онлайн платформаларды қолданудың тиімділігі», С.Т.Жорабай «Цифрлық технология негізінде білім беру саласында қолданыстағы платформалар», У.С.Токтагулова «География бейіні бойынша білім беру бағдарламаларындағы оқу-дала практикасын өткізудің маңызы», М.Е.Тоқсабаева «Ғылыми зерттеу жұмысының білім алушылар үшін маңызы» және ҚазҰҚПУ магистранттары М.Т.Сламжан «Географияны оқытуда модельдеу әдістерінің қолдану ерекшеліктері», С.А.Марганбаева «География сабақтарында қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі» тақырыптары аясында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

                                                                                

      Ғылыми семинарға докторанттар, студенттер белсене қатысты. Профессор - оқытушылар құрамы сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.                

      Бөлісу: