Педагогикалық бастамалар фестивалі өтеді



    • Педагогикалық бастамалар фестивалі өтеді

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Педагогикалық және ғылыми бастамалар» фестивалі өтеді. Отандық жоғары білім беру мен іргелі ғылымды дамытуға бағытталған шара оқу орнының You Tube желісіндегі ресми арнасында сағат 15:00-де басталады.

      Басқосу барысында сарапшылар «Білім беру бағдарламалары: қандай жаңалықтар бар?», «Мұғалімге көмек беретін педагогикалық шеберлік орталығы», «Bilim Media Group»-пен бірге сандық білім беру ресурстарының  платформалары» және «Инклюзивті білім беру» тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбітпек. Сонымен қатар шарада ҚызПУ студенттерінің бастамасымен құрылған «Unischool – университет мектебі», «Күміс университет», Жас педагог - ғалымдар Қауымдастығының басым бағыттары мен міндеттері сараланбақ.

      Фестиваль жұмысына оқу орнының ректоры Гаухар Алдамбергенова, «Bilim Media Group» ЖШС басшысы Рауан Кенжеханұлы, SKOLKOVO Бизнес мектебі мен SKILLFOLIO kids заманауи ата-аналар академиясының негізін қалаушы, ресейлік педагог Виктория Шиманская, «Ustaz Online» Ұлттық академиясының басшысы Алмагүл Қанағатова, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыспақ.

      Фестивальге тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdR6YIbRe-xoixPCqnHKz_bv9Pm4kvre4ccjJq4nF9Cxlme0w/viewform?usp=sf_link

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: