«Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті
-
29 наурыз, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Білім беру ортасының цифрлық трансформациясы жағдайында Қазақстан тарихын оқытуды дамытудың заманауи тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе ұйымдастырған көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Білім мен ғылымның өзекті мәселелері: теориялық және практикалық аспектілері.
- Білім берудегі цифрлық оқыту және ақпараттық технологиялар.
- Цифрландыру дәуіріндегі педагогикалық қызметтегі инновациялық технологиялар.
- Жастарды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу қазіргі білім берудің құрамдас бөлігі болып табылады.
- Қазіргі қоғам және педагогикалық білімді дамыту перспективалары.
Университетіміздің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Даниярұлы мен тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермуханұлы конференцияның алғы сөзін ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелден ғалымдар қатысты. Атап айтсақ, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессорлары тарих ғылымдарының докторы Саипова Камола Давляталиевна «Цифровизация в образовании Узбекистана – новые веха перемен» , Муртазаева Рахбар Хамидовна «Опыт Узбекистана в проведении молодежной политики в современных условиях» тақырыптарында баяндамалар оқыса, Түркия Республикасы Анкара қаласы, Хаджетепе Университетінің докторы, профессор Сейфи Илдырым, Нииде Омер Халисдемир Университетінің докторы Мехмет Екиз де қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар конференцияға отандық ғалымдар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Капаева Айжан Тоқанқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Т.Берлібаев
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназия директоры, тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Нұрымқызы, Темірбек Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназия директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары В.А Киргизбаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қауымдастырылған профессор м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Б.Т. Жұбанышов пен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Б. Аширбекова,тағы да басқа еліміздің жоғары оқу орнының профессор-оқытушылры, магистранттары қатысты.
Бөлісу: