Kоммуникация нарығының сарапшысы Константин Максимюкпен кездесу өтті
-
29 наурыз, 2023
Оның Қазақстанда, Ресейде, Еуропалық Одақта және Израильде 20 жылдан аса тұрып, тәжірибе жинақтаған маман – стартап-инкубатор маркетингі жобаларынан бастап, астаналар мен облыс орталықтарындағы сайлау науқандары аясында PR; 2008 жылдан бері БАҚ және коммуникациялар саласында HR және осы салада қызметтік топ жинақтаумен айналысады, рекрутинг және SMM агенттіктерінің серіктесі қызметін атқарып келеді.
«Бизнеске арналған жаңа интернет» кітабының авторы, SMM нарығының негізін салушылардың/алғаш дамытушылардың бірі. Бұрынғы тележүргізуші және журналист-редактор, копирайтер, бірқатар контент-жобалардың жетекшісі (музыка және бейне өндірісі). Жоғары экономика мектебінде оқытушы. «БАҚ және коммуникациядағы мансап» TG арнасының авторы.
Кездесу барысында коммуникациялық ортаның ерекшеліктері, ақпаратты тарату жолдары және медиа саласындағы әртүрлі қызмет түрлерінің артықшылықтары туралы түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар Константинмен hr саласында жұмыс жасау жолдарын талқылады. Ашық кездесу барысында студенттер қонағымызға hr, журналистика және БАҚ саласында өздерін толғандырған және қызықтырған сауалдарына жауап ала алды. Константин оқу ғимараттарын аралап, экскурсия жасау кезінде университетімізбен танысып, ғимараттың сәулеттік ерекшелігіне үлкен қызығушылық танытты, мұражай мен көркемсурет галереясын аралап, өз пікірлерін қалдырды.
Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы
Бөлісу: