«Әлемді аялаған Ана»



    • «Әлемді аялаған Ана»

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 8 наурыз– Халықаралық  әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар легін бастап кетті. Хореография және  Арт Менеджмент кафедрасы Хореография мамандығының 1 курс студентттері «Әлемді аялаған – Ана!» атты  концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

      Кештің шымылдығы жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған «Қыз ғұмыры» театрланған қойылымымен ашылды. Танымдық кеште аяулы аналардың қадір-қасиеті, өмірдегі орны туралы қанатты сөздер айтылып, оларға арналған өлең жырлар оқылды. 

      Хореография мамандығының қыр-сырына енді  қанығып келе жатқан 1 курс студенттері «Хорезм»,«Лотос», «Үнді биілерін» нақышына келтіре орындап, көрерменнің көңіл күйін көтерді.

      Шаттыққа толы әдемі кеш көктемнің шуақты күніне нәр бергендей болды.

      Бөлісу: