«Ұлттық өнерді кестемен жаңғырту» және «Ана бақыты» атты көрменің ашылу өтті
-
13 наурыз, 2023
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «DARA ART» галереясында Кәсіптік білім кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, ұлттық кесте өнерінің шебері Өмірзақ Айнұрдың «Ұлттық өнерді кестемен жаңғырту» және «Ана бақыты» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің ашылуы «Нәзік» жетігеншілер ансамблінің орындауындағы халық әндерімен ашылып, көрермендер мен қонақтарға көңіл күй сыйлаумен орын алды. Кәсіптік білім кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, өнертану кандидаты, профессор м.а. Крыкбаева Сара Мұқашқызы көрмеге келген қонақтармен таныстырып, сөз берді.
Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Данярович аға оқытушысы Өмірзақ Айнұрды ашылып жатқан жеке шығармашылық көрмесімен құттықтап, университет басшылығының алғыс хатын табыстады.
Көрме авторына ҚР көркем академиясының вице- президенті Бубе Нэли ҚР көркем академиясының мүшесі куәлігін және «Төс белгісін» табыстаса, ҚР суретшілер одағының басқарма төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаниязов Өмірбек, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Жүнісхан Ермұхан, Қазақстан Суретшілер одағы хатшылығының мүшесі, Таң Шолпан Суретшілер әйелдерінің халықаралық тәуелсіз қорының президенті, Халықаралық заманауи өнер академиясының құрметті мүшесі Жамиля Такен, О. Таңсықбаев ат. Сәндік-қолданбалы өнер колледж директоры Зура Жумахметовна, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рысты Өмірзақ және кафедра ұжымы жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Ұлттық кесте өнерін рухани, тарихи танымда шығармашылықпен жаңғырту мақсатын көздеген көрме авторының картиналар мазмұны ана, табиғат, ғашықтар, дала әуені, ұлттық дәстүр тақырыбында бейнеленіп, қатаң композициялық құрылымда және үйлесімділік заңдылығына бағынып дайындалған. Кейде назар кесте өнерінің шеберлігімен ұлттық коллоритке және образдың жеке формаларына аударылады. Автордың шығармаларындағы «Ана бақыты» философиялық және метафоралық мағынаға толы түс символикасымен ерекшеленеді..
Шығармашылық көрмеге суретшінің соңғы екі жылда жасаған 25 жұмысықойылды. Оның стилі ешқашан авторлық даралығын жоғалтқан емес, дүниенің философиялық танымы мен шығармашылық ізденісі уақыт өткен сайын ұлттық кесте өнерінде жаңғыртып дамып келеді.
Көрме университеттің «DARA ART» галереясында 14 наурызға дейін крмеге ашық болады.
Бөлісу: