«Білім берудегі менеджмент» курсының екінші легі басталды
-
06 наурыз, 2023
6 наурызда университеттің бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын белсенді студенттері үшін «Білім берудегі менеджмент» курсының екінші легі басталды.
«Білім берудегі менеджмент» курсы нақты жағдайларды тәжірибелік шешу форматында көшбасшылық дағдыларды, стрессті басқаруды, эмоционалдық интеллектті, сапалы презентация және келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.«Менің ойымша, білім берудегі өзгерістер жылдам қарқынмен жүріп жатыр, осыған байланысты педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін оқу барысындағы «Білім берудегі менеджмент» жүйелі курсы ұйымдастырылды, оқуды аяқтаған кезде студенттер арасында белсенділік пен дамуға деген құштарлықтың пайда болғаны қуантады. Оқыту барысында студенттер парадигманы өзгертіп, болашақ MPV жобасын жасай алды», - дейді Ботагөз Ғабдуллина, курс оқытушысы, бизнес-тренер, жеке өсу бойынша тренер, @softskillqazaqstan негізін қалаушы.
Офлайн форматты аяқтағаннан кейін студенттер онлайн режимінде екі апта бойы тапсырмалар түрінде, кері байланыс орнату және жобаны қорғау арқылы оқуды жалғастырады.
Бөлісу: