Психолог-кеңесші Мариям Земсковамен практикалық топтық сессия өтті
-
09 наурыз, 2023
9 наурызда университет студенттеріне арналған жүйелік тренер, психолог-кеңесші Мариям Земсковамен «Өзіңе деген махаббат, өзіңді қабылдау» тақырыбында тәжірибелік топтық сессия өтті.
Өз-өзіне деген сүйіспеншілік деңгейін арттыруға арналған медитациялық әдістер мен әрбір практикалық жаттығу нәтижесінде қатысушылар туындаған мәселелер бойынша кері байланыс, түсініктер мен ұсыныстар алды.
Тәжірибе студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар практикалық сабақтардың өзектілігін және қажеттілігін атап өтті.
Қорытындылай келе, Мариям Земскова студенттерге кездесу үшін алғыс білдіріп, оқуларына сәттілік тіледі, сонымен қатар, білікті психологиялық көмек алу үшін «Таным.Хелп» жобасына қатысуға шақырды.Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы
Бөлісу: