Республикалық фестивальға қатысушылар анықталды



    • Республикалық фестивальға қатысушылар анықталды

      Адамзаттың ақылманына айналған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты республикалық студенттік өнер фестиваліне Қыздар университетінің атынан қатысатын студенттер анықталды.

      Жалпыұлттық байқауға іріктеу «Абайдың өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері», «Абай – әлем тілдерінде» және «Абай әлемі сурет өнерінде» кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.

      Оқу орнының шығармашылық бөлімдері мен институт басшыларынан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша «Абай өлеңдері» бағыты бойынша Филология инстиутының 3-курс студенті Аида Елібаева, «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша Филология институтының 3-курс студенті Ақмарал Мәжит, «Абай әндері» бағыты бойынша Өнер және менеджмент институтының 1-курс студенті Әсел Құтбан мен «Абай – әлем тілдерінде» бағыты бойынша Тарих және шетел тілдері институтының 3-курс студенті Бақнұр Тасболатқа ақтық кезеңге қатысуға жолдама берілді.

      Айта кетейік, іріктеу кезеңінің әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар 2020 жылдың 4-5 желтоқсан күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалінің ақтық кезеңіне қатысады.

      Байқаудың жүлде қоры:

      Бірінші орын – 200 000 теңге.

      Екінші орын – 100 000 теңге.

      Үшінші орын – 75 000 теңге.

      Дипломант – 50 000 теңге.

      «Абай жүлдесі» номинациясы – 50 000 теңге.

      Ынталандыру сыйлығы – 30 000 теңге.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: