Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады



    • Университеттің  Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай  Халықаралық әйелдер  күнімен  құттықтады

      Құрметті Әріптестер!

      Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Біздің Университетіміз ел келешегі ұстаздар мен қыз-балаларға білім беруде Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей білім ордасы. Бүгінде  Университетіміздің оқытушылары мен студенттерінің арасында әлемдік  аренаны  бағындырған ғалымдар, ұлағатты ұстаздар, қоғам қайраткерлері, талантты  өнерпаздар мен  спорт шеберлері бар. Сіздер білім  саласына  қызмет ету арқылы –  ұлтымыздың өркендеуіне тікелей ықпал етіп келесіздер.

      Осы бір ұлағатты істеріңізде Сіздерге толағай табыс, күш-қуат, денсаулық тілеймін! Қызметтегі және оқудағы қажырлы еңбектеріңіз берекелі болып, жоғары  нәтижелерге  жете  берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.  Отбасыларыңызға  амандық,  бақ-береке  тілеймін!


      Құрметпен,
      Гүлмира Қанай,
      “Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті” КеАҚ 
      Басқарма  Төрағасы – Ректор

      Бөлісу: