«UstazTalk» жобасы аясындағы кезекті кездесу өтеді



    • «UstazTalk» жобасы аясындағы кезекті кездесу өтеді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы үшінші кездесу 6 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.

      Онлайн форматта ұйымдастырылатын шараның қонағы – «Teach for Kazakhstan» үкіметтік емес ұйымының негізін қалаушы әрі бас директоры Гүлназ Қорданова.

      Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітіріп, физика және математика пәндері бойынша еліміз бен АҚШ-тың білім беру ұйымдарында сабақ берген. Сондай-ақ Г. Қорданова «AIESEC and Global Shapers Community» сынды жастардың көшбасшылық ұйымдарында еңбек етіп, көптеген білім беру жобаларын жүзеге асырды.

      Кездесу барысында Г. Қорданова жас мұғалімдерді қолдау, білім беру саласындағы мәселелер мен оның әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін ықпалы жайында әңгімелейді. Сонымен қатар Қазақстандағы білім берудегі теңдік жайы да баяндалмақ.

      Қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfOPuPKLYLE_g2UlxDCNI0__lVebciFosbbgVMBFnI0NGU8Dg/viewform?usp=sf_link

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: