Қазақ жазуын реформалау мәселесі талқыланады



    • Қазақ жазуын реформалау мәселесі талқыланады

      «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». Осындай атаумен 5 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар өтеді.

      «Ғылым мен ғалым» жобасы аясындағы шара Zoom платформасында ұйымдастырылады. 

      Жиын барысында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Гүлмира Абдрасилова магистранттар мен докторанттарға тақырып төңірегіндегі пайдалы ақпараттарымен бөліспек.

      Семинардың идентификациялық нөмірі: 73676988165, паролі: 771.

      Айта кетейік, университетте «Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алған болатын. Оның басты мақсаты – білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, олардың ғылыми әлеуетінің артуына ықпал ету.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: