Ғылыми мақаланы қалай жобалаймыз?



    • Ғылыми мақаланы қалай жобалаймыз?

      «Ғылыми мақалаларды жобалау бойынша лайфхактар». Осындай атаумен 3 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар өтеді.

      «Ғылым мен ғалым» жобасы аясындағы шара Zoom платформасында ұйымдастырылады. 

      Жиын барысында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Айгүл Сыздықбаева магистранттар мен докторанттарға тақырып төңірегіндегі пайдалы ақпараттарымен бөліспек.

      Семинардың идентификациялық нөмірі: 73676988165, паролі: 771.

      Айта кетейік, университетте «Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алған болатын. Оның басты мақсаты – білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, олардың ғылыми әлеуетінің артуына ықпал ету.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: