«Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алды



    • «Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен «Ғылым мен ғалым» жобасы бастау алды.

      Шара барысында университеттің білікті оқытушылары магистранттар мен докторанттарға түрлі тақырыптарда ғылыми семинарлар өткізбек.

      Жобаның басты мақсаты – білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, олардың ғылыми әлеуетінің артуына ықпал ету.

      Лекторлар қатарында әр жылдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жеңімпаздары атанған ғалымдар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: