Студенттеріміз спорттық жарыстан жүлделі оралды



    • Студенттеріміз спорттық жарыстан жүлделі  оралды

      Құрамында 5 спортшыдан құралған ҚызПу командасы Ушу және Кунг-фудан Қазақстан Республикасының кубогында жүлделі  орын алып, университетіміздің намысын қорғады.

      ҚР Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  қолдауымен  25-30 қаңтарда  Алматы  қаласында  өткен  «Ушу  және  Кунг-Фу» Кубогынан студенттеріміз  2 күміс,  3 қола  медальға  ие  болды.

      Шет тілі: екі  шет тілі мамандығының 2 курс  студенті Саидикаримова  Мунис пен  1 курс студенті   Абдулова  Насиба 2 орын алып,  күмістен   медаль тағынды.   Аталмыш мамандықтың  1 курс студенті  Панкина  Дарья мен бастауышты  оқыту  педагогикасы мен  методикасы мамандығында  білім алатын Ирина  Вишнякова  қола  жүлдегер атанды.

      Команда тренері Украинаның  еңбек  сіңірген жаттықтырушысы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты Александр Орловтың  айтуынша,  команда  жас  болса  да  үздік  көрсеткіш көрсетіп отырғанын жеткізді.

      Жарты жыл ғана  жаттыққан жас  команда республиканың  барлық аймақтарынан келген 300-ге  тарта  қатысушының ішінен тәжірибелі  қарсыластармен  додаға  түсіп,  жарыста дес  бермеген.

      Қазір команда  8-13 наурызда  Ақтөбе қаласында  өтетін Қазақстан чемпионатына  қызу  дайындық үстінде. 

      Жеңімпаздарымызды  жүлделі  орындарымен  университет атынан шын жүректен  құттықтаймыз! Алдағы  жарыстарда  сәттілік  тілеп, әлем  чемпионаттарының тұғырларынан көрінуіне  тілектеспіз!

      Бөлісу: