Университет басшылары Ұлыбритания елінде іссапарда



    • Университет басшылары Ұлыбритания елінде іссапарда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма  Төрағасы – Ректор   Гүлмира Қанай бастаған университет басшылығынан құралған делегация Сассекс университетінде (Ұлыбритания) болып, оқу  ордасының  білім бөлімінің меңгерушісі, профессор Саймон Джеймс Томпсонмен ресми кездесу өткізді. Кездесу трансұлттық білім беру саласындағы ынтымақтастық тақырыбына арналған Ұлыбритания-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы аясында болып өтті.

                                                                                       

      Кездесудің мақсаты – Қазақстандық білім беру  мамандарының   құзыреттерін дамыту саласында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту,  талқылау. Тараптар жоғары білім беру саласында байланыс орната отырып екі ел арасында халықаралық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

      Шетелдік жетекші оқу орындарымен  тәжірибе  алмаспай, заманауи жоғары білімді дамыту мүмкін емес.  Осы  тұрғыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастыққа әрқашан ашық.

                                                                                      

                                                                                     

      Бөлісу: