«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ тарапынан ZTB әлеуметтік желісінде жарық көрген ақпаратқа байланысты 27.01.2023 РЕСМИ ЖАУАБЫ



    • «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ тарапынан  ZTB әлеуметтік желісінде жарық көрген ақпаратқа байланысты 27.01.2023      РЕСМИ ЖАУАБЫ

      Әлеуметтік желілерде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) №7 және №2 Студенттер үйінде білім алушылардың студенттер үйлерінің үй-жайларын жөндеу жұмыстарына және тазалауға қатысуға мәжбүрлейтіні туралы мәтінмен қоса бейнеролик таратылды. Қазіргі уақытта студенттердің бұл үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

      Университет бұл жарық көрген ақпаратты шындыққа жанаспайды деп ресми түрде мәлімдейді. Университет басшылығы тарапынан жөндеу жұмыстарына білім алушылар ешқашан тартылған емес және алдағы уақытта да тартылмайтындығын мәлімдейді.

      Осы оқиғаға байланысты, Университет бұқаралық ақпарат құралдарын немесе коммуникациялар желілерін пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Алматы қаласының прокуратурасына заңда көзделген жауапкершілікке кінәлі адамдарды тарту туралы тиісті өтініш жіберді.

      Сонымен қатар, бүгінгі жағдай бойынша №3 студенттер үйін жөндеу жұмыстары бойынша мердігер компания тартылғандығын мәлімдейміз. Мердігер ұйыммен шарт конкурстық рәсімдер және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы аясында ("ИнтерНефтеПромКомплект" ЖШС жалпы құны 13 578 880 теңге, 22.12.2022 жылғы №990240005438/220864/00 Келісімшарт) жасалды. Жөндеу жұмыстарына тек осы ұйымның қызметкерлері ғана қатысады. Мердігер ұйым келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қысқы демалыс кезеңінде кірісіп, қазіргі уақытта жұмыстарды қабылдау бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде.

      Студенттердің шомылу бөлмелері және студенттер үйінің өзге де үй – жайларын тазалауға тарту мәселесі Университеттің жауапты тұлғаларының бақылауында. Қазіргі уақытта басшылық тарапынан тиісті қызметтік тексеру жүргізілуде. Университет білім алушылары мен басшылығын арнайы ескертусіз және келісімінсіз бұл видеоның таралуына себепкер адам  ҚР заңнамасында көзделген тәртіптік жазаға тартылатындығын мәлімдейміз.

      Бөлісу: