Білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық



    • Білім  беру  мекемелері арасындағы ынтымақтастық

      Университетімізде  педагогикалық білім  беру  сапасын және  ынтымақтастықты  арттыру   мақсатында  Алматы  қаласының  мектепке  дейінгі  және  жалпы  орта  білім  беретін    мекеме басшыларымен   кездесу  болып өтті.   

      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикадағы білім сапасын арттыруға бағытталған саясаты педагогикалық жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығымен тығыз байланысты. Бұл саясатты жүзеге асыруда Университетіміз ұсынатын білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру үшін жұмыс берушілердің пікірін ескеру мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді.

                                                                                   

      Интерактивті форматта өткен  кездесуде  келесідей тақырыптар қозғалды:

      • Университет түлектерінің кәсіби құзыреттіліктерін талқылау;
      • Білікті педагогикалық кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстарын талқылау;
      • Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибелікбағдарлы тәсілін одан әрі дамыту мәселелерін талқылау;
      • Педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектептер арасында кәсіби қоғамдастықтарды құру мәселелерін талқылау;

                                                                                     

      Екі  бөлімнен құралған жиынға   30-дан  аса  мемлекеттік  және  жекеменшік  мектепке дейінгі  және  жалпы  білім  беретін мекеме  басшылары  мен  өкілдері  қатысты.

      Кездесу  барысында    сөз алған Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира  Қанай ,  елімізде  болып жатқан реформалардың  білім  саласына  тікелей  қатысы  бар екенін атап өтіп,  оны  жүзеге асыруда ұстаздардың, оның  ішінде  педагог мамандарын даярлап  отырған оқу  орындарының мамандарының жауапкершілігі  жоғары  екенін атап   өтті.  Әсіресе  білім  беру  бағдарламаларының  сапалы  жасалуы, заманға  сай  маман даярлаудың  әдіс- тәсілдері жайлы  сөз қозғалды.

      Мамандармен  кездесу  барысында білім  беру  бағдарламаларындағы проблемалар екі  жақты ұсыныс  тілектер де  айтылды. Мектептер мен балабақшалар арасындағы   ынтымақтастықты  арттыру  жөнінде  мемарандумдарға  қол қою жоспарлары  да  талқыланды. 

      Ынтымақтастық кездесу  жиыны   жоғары  оқу  орнын педагогикалық білім  беру  бағдарламалары  бойынша   тәмамдаған жас  маманның жұмыс  беруші  мекемеде  де  табысты  жұмыс  жасауына  ықпал етіп,  алған білімін толық  жүзеге  асыруына  мүмкіндік  ашпақ.

                                                                                     

      Бөлісу: