Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаты – біздің университетте



    • Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаты – біздің университетте

      Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаты – біздің университетте

      Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін мейірімді абзал жандар. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

      Бүгін университет қабырғасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ғылым мен білім саласында үздік  нәтиже көрсеткен Университет қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»  төс белгілерімен және   «Құрмет» грамоталары, «Алғыс» хаттарымен  марапаттады. 

      Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін  төс белгісі мен Жаратылыстану институтының  химия кафедарасының профессор, ғылым докторы Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлы мен  Қазақ және әлем тілдері институты қазақ әдебиет кафедарсының Қауымдастырылған профессор м.а., ғылым докторы  және Балтабаева Гаухар Саядыловна  марапатталды.

      Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет» грамотасын:

      1.Багашарова Бакытжамал Тельмановна

      2. Аширбекова Жамал Базыловна

      3. Несипбаев Алиби Сагимбекович

      4. Байташева Гаухар Умиралиевна

      5. Салгараева Гульназ Ибрагимовна алса,

      Ғылым және жоғары білім министрінің «Алғыс» хатын:

      1. Татенов Адамбек Махсутович

      2. Адилбекова Лаззат Махайовна

      3. Агеева Лариса Евгеньевна

      4. Исаева Жанна Джакуповна

      5. Дауленбаева Мейрамгуль Бахытжановна

      6. Мархабаева Айгуль Бермагамбетовна

      7. Мухлисова Надежда Асхадулаевна  иеленді.

      Ұстаздар қауымын марапаттау барысында Басқарма Төрағасы – Ректор  Гүлмира Қанай: «Сіздер жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру және отандық ғылымды дамыту тұрғысындағы жауапкершілігі зор істі жүзеге асыруға сүбелі үлес қосып келесіздер. Ұстаз – әлемдегі ең мәртебелі мамандық. Бүгінде ұстазға деген құрмет, мұғалімге деген қамқорлық Қазақстан үшін елдік ұстаным әрі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Сіздерді осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан зор үлестеріңіз бен маман даярлауда сіңірген еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін»– деп пікірін білдіріп , Ғылым және жоғары білім министрлігінің сәлемін жеткізді.

      Бөлісу: