Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №23



    • Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №23

      2020 жылғы 26 – 30 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      27.10.2020

      – Адамзаттың ақылманына айналған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты республикалық студенттік өнер фестивалі өтеді.

       

      28.10.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы үшінші кездесу 30 қазан күні сағат 19:00-де өтеді. Онлайн форматта ұйымдастырылатын шараның қонағы – Яндекс компаниясының өнім дизайнері Айгерім Катаева.

       

      29.10.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Aiqyn» республикалық газетіне сұхбат берді.

       

      30.10.2020

      – Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақстандық білім беру саласының модернизациясы: тәжірибе мен даму» атты білім беру тағылымдамасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ресейлік жоғары оқу орындарына таныстырылды.

      ***

      – Ізгілік дегеніміз не? Оның адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызы қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар-тренинг өтті.

      ***

      – Ұлы ақын, ойшыл, дала кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы...» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған жыр бәйгесіне жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: