Университет ректоры жаңа жылмен құттықтады
-
31 желтоқсан, 2022
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай университеттің оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды жаңа жылмен құттықтады.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды табалдырығымызды аттағалы тұрған жаңа 2023 жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2022 жыл – Университетіміз үшін көптеген өзгерістер мен жаңалықтарға толы жыл болды.
Атап айтқанда, Ұлттық институционалдық рейтингте Жоғары оқу орындарының үздік ондығына енсе, Шығыс Еуропа елдері және Орталық Азия QSEECA Халықаралық рейтингінде ТОП 400 жоғары оқу орындарының санатына енді. Дәл осы рейтінгте Орталық Азия елдерінің арасында 41 орынды иелендік. Білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайтын тәуелсіз агенттіктің рейтінгі бойынша, Қазақстан Республикасының педагогикалық жоғары оқу орындарының ішінде алдыңғы шепте тұрмыз.
2021-2022 оқу жылында университетке колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлері бойынша 3 мыңнан аса білім алушы қабылданды. Ал педагогикалық мамандыққа түскен талапкерлердің саны бірнеше есеге артқананын ерекше атап өткім келеді.
2022 жылы білім беру және ғылыми зерттеу бағытында да көшбасшылық ұстанымын сақтап қалды. Атап айтқанда, биылғы жылы университетімізде 172 ғылыми конференция ұйымдастырылып, 22 ғылыми үйірмелерге 374 студентіміз, ал 574 студентіміз ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 31 студентік стартап жобалар іске асты.
Профессор оқытушы құрамның республикалық, шетелдік басылымдарда 1 мыңнан аса еңбегі жарияланды. Осы уақыт аралығында университет ғалымдары 18 ғылыми монография шығарды. 21 қорғау куәлігі алынып, 4 патентке ие болды.
Сонымен қатар биылғы жылы Университетіміз елімізге танымал тұлғалардың, университтен түлеп ұшқан атақты қоғам қайраткерлеріміздің шығармашылық, еске алу кештерін республикалық деңгейде атап өтті. Халықаралық деңгейде ауқымды фестивальдар мен форумның, ғылыми конференциялардың бастамашысы болды.
Келер жылдарға деген жоспарларымыз бен мақсаттарымыз айқын, бағдарымыз анық. Бұл белесті университетіміздің профессор-оқытушы құрамы, қызметкерлер мен білім алушыларымыздың ынтымақтаса жұмыс жасауының арқасында бағындыратынымызға сенімім мол.
Құрметті әріптестер, 2022 жылы бірлесе атқарған жұмыстарымыз үшін барлықтарыңызға шын көңілден алғысымды білдіремін! Жаңалықтың жаршысындай болған жаңа жыл баршаңыздың шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, мол табыс пен жетістік әкелсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жаңа жылға жоспарлаған, ойға алған арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспін!
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
Басқарма Төрағасы –Ректор
Гүлмира Қанай
Бөлісу: