«Үздік жас ғалым-2022»



    • «Үздік жас ғалым-2022»

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  «6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім  беру  бағдарламасының  4 курс студенті Артамонова Виктория Астана қаласында өткен «Үздік жас ғалым-2022» халықаралық жобасына қатысып келді.

      Шараның басты мақсаты – жас ғалымдарды қолдау, ғылыми қызығушылықтарын ілгерілету, ғылымды дамытудың ортақ алаңын құру. Артамонова Виктория ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік жас ғалым-2022» медалімен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің екінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

      Викторияның жетекшісі – Университетіміздің  профессор міндетін атқарушы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты – Агеева Лариса Евгеньевна.  Жобаға ТМД елдерінің ғылымының дамуына үлес қосқан үздік жас ғалымдар қатысты.

      Артамонова Виктория мен Агеева Лариса Евгеневнаны жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

      Бөлісу: