Студенттерге ізгілік қағидалары түсіндірілді



    • Студенттерге ізгілік қағидалары түсіндірілді

      Ізгілік дегеніміз не? Оның адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызы қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде семинар-тренинг өтті.

      Әлеуметтік және психологиялық жұмыстар жөніндегі бөлім мұрындық болған шара онлайн режімде ұйымдастырылды. Басқосуға Тарих және шет тілдері институтының білім алушылары қатысып, психолог мамандардың пайымды кеңестерін тыңдады, қажетті ақпараттарға қанықты.

      –  Басты мақсатымыз – адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Сондай-ақ қашықтан білім беру жағдайында студенттер арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту. Алдағы уақытта бұл шаралар өзге де институттар мен жоғары мектеп білім алушыларымен өткізілмек, – дейді бөлім мамандары.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: