Профессор Булат Джиембаевтың 75 жасқа толуына орай халықаралық конференция болып өтті



    • Профессор Булат Джиембаевтың 75 жасқа толуына орай халықаралық  конференция болып өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТЫ» атты химия ғылымдарының докторы, профессор Джиембаев Булат Жезкенұлының 75 жасқа толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

      Конференция мақсаты: Жаратылыстану салаларының ғылым мен білім дамуының өзекті мәселелерін талқылау.

      Конференцияның салтанатты бөлігін Университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы ашып профессор Булат Жазкенұлына құттықтау хатын оқып, Университет ұжымы атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар, Университет кәсіподақ ұйымының төсбелгісімен марапатталды.

      Болат Жазкенұлы  Университетіміздің Химия  кафедрасының профессоры және Кешенді химия-биологиялық ғылыми зерттеу орталығының директоры болып қызмет етеді.

      Профессор 9 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докторының, 15 магистрлік диссертацияларына ғылыми жетекшілік етті.

      Ғалымның 500-ге жуық ғылыми мақалалары, 75 авторлық куәлік пен өнертабыстық патент авторы, 9 ғылыми монографиясы жарық көрген. 10 нормативтік-техникалық құжаттамалардың атаулары әзірлеуде қатысқан.

      Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы 2003 жылғы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «КСРО өнертапқышы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,  университеттің 70 жылдығына арналған ҚазМемЖенПУ-ды дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Ұлағат» алтын медалімен марапатталған

      Конференция жұмысының пленарлық отырысына ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д., профессор Б.А. Баешов, ҚР ИАА академигі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры х.ғ.д., Н.О. Аппазов, Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдар институтының профессоры, х.ғ.д., Т.Қ. Жұладілов, А.Н. Пудовик атындағы элементорганикалық синтез зертханасының ғылыми қызметкері, х.ғ.к А.В. Смолобочкин, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана меңгерушісі х.ғ.к., PhD Н.И. Ақылбеков қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ пленарлық жиынға Томск, Қазан, Грузия, Түркия, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары қатысып, пікір алмасты. Конференцияға университетіміздің білім алушылары және Республикамыздың ЖОО білім алушылары мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері қатысып әр секциялық отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталды.

      Бөлісу: