Ресейлік жоғары оқу орындарына таныстырылды



    • Ресейлік жоғары оқу орындарына таныстырылды

      Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақстандық білім беру саласының модернизациясы: тәжірибе мен даму» атты білім беру тағылымдамасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ресейлік жоғары оқу орындарына таныстырылды.

      Онлайн режімде ұйымдастырылған шарада оқу орнында жүргізіліп жатқан білім беруді трансформациялау жұмысы, білім беру бағдарламаларын уақыт ағымына бейімдеу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу саясаты мен бұл тараптағы жаңа мүмкіндіктер мен реалиялар егжей-тегжейлі таныстырылды.

      Сонымен қатар кездесуде оқу орны жанындағы ғылыми зерттеу институттарының бағыттары, қолға алынған жобалардың университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асырудағы маңызы да айтылды.

      Білім беру саласының өзекті мәселелері де қозғалған басқосуда ресейлік оқу орындары өкілдері тарапынан қойлған сауалдарға ҚызПУ-дың Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова, Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор Нұрғали Аршабеков, Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ләззат Бөлебаева жан-жақты жауап берді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: