Университет ректоры «Aiqyn» газетіне сұхбат берді



    • Университет ректоры «Aiqyn» газетіне сұхбат берді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Aiqyn» республикалық газетіне сұхбат берді.

      «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» тақырыбында оқу орнының басшысы «Бүгінде аруларды жаңа заман талаптарына сай маман ретінде қалай даярлап жатсыздар?», «Қыздар университетінде бәсекеге қабілетті педагог кадрлар даярлау бағытында неге басымдық бересіздер?», «Педагогикалық білім беруді трансформациялауды нақты іске асыру бағытында қандай жұмыстар жүргізілді?» сынды сауалдар төңірегінде жан-жақты әңгімеледі.

      Сонымен қатар университет ректоры онлайн оқудың артықшылығы мен оған оқу орнының дайындығы мен ЖОО-дағы ғылымның жайы турасында да кеңінен баяндады.

      «Жаңа мыңжылдықта білімі мен білігі үйлескен мамандардың бәсі басым болмақ. Мұны уақыттың өзі айқындап отыр. Отандық жоғары оқу орындарының алдында ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Сөзімнің соңында Елбасының «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген ұлағатты сөзін тағы да қайталап айтқым келеді», – дейді Гаухар Алдамбергенова.

      Сұхбат «Aiqyn» газетінің 28 қазан күнгі нөмірі мен «aikyn.kz» ақпарат сайтында жарияланды.

      Сілтемесі: https://aikyn.kz/83209/

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: