«Қызықты көңіл, студенттік өмір!»
-
23 қараша, 2022
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология институты Дене шынықтыру және спорт кафедрасының «Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенттері 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған "Қызықты көңіл – студенттік өмір!" атты мәдени-танымдық іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты студенттерді белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттер 1 курста бастарынан өткен қызықты сәттерімен бөлісіп, бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдірді.
Мәдени-танымдық іс-шара, ең алдымен, дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Дина Абдыкадырованың тілек-сөзінен басталды. Іс-шара жүргізушілері студенттер күнін атап өту тарихымен таныстырды. Сөз кезегін алған кафедрамыздың бағдарлама көсбасшысы Алия Есельбаева қыздарды студенттер күнімен құттықтады.
- «Құрметті студенттер! Сіздерге жарқын өмір, көңілді достар, нәтижелі оқу, сәтті емтихандар тілеймін. Студенттік жылдар ең ұмытылмас және керемет сәт! Алған білімдеріңіз, дипломдарыңыз арқылы білікті маман атаныңыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!– деп атап өтті.
Мерекеде студенттер ұлттық биімізді билеп, өлең шумақтарын оқып, әр спорт түрінен үзінді көрініс көрсетіп, оқытушыларымызды студенттік шаққа саяхат жасауға жетеледі. Қызықты ойындар ойнатылып, 1 курс студенттеріне әдемі тарту жасалды.
2 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының эдвайзері Буркитбаева Маншук Женисовна іс-шараны қорытындылап, студенттердің әрқашанда белсенді, ерекше топ екендігін атап өтті, студенттерді мерекелерімен құттықтады.
Бөлісу: