Латвия елінің PhD докторы Юрий Мастриков дәріс оқыды
-
26 қазан, 2022
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде PhD, Латвия мемлекеттік университеті, Қатты денелер институтының жетекші ғылыми қызметкері Мастриков Юрий «Функционалды материалдарды квантты-химиялық моделдеу» тақырыбында дәріс, семинарлық сабақ өткізуде.
Мастриков Юрий PhD, Латвия мемлекеттік университеті Қатты дене институтының "Кинетика және өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер" зертханасының аға ғылыми қызметкері. Макс Планк атындағы Қатты дене институтында білім алған (Штутгарт, Германия). Мариланд университетінің «Материалтану және Инженерия» факультетінде постдокторантура зеттеуін 2008-2010 жж. жүргізген (АҚШ, Мариланд).
Ол жоғары рефератталатын журналдарда 50-ден астам мақаланың авторы. Дәйексөз индексі-1632. H – индексі-20.
Сондай-ақ, Ю.Мастриков студенттерге, магистранттарға және докторанттарға «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғары рецензияланатын журналдарға мақала әзірлеу әдістемесі» тақырыбында тренинг жүргізеді.
Профессор оқытушылар құрамына «Малые поляроны в PbX2» тақырыбында 21.11.2022 бас оқу ғимараты 115 дәрісханада ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Студенттерге, магистрлерге және докторанттарға дәріс, семинар сабақтарын 27.10.2022-23.11.2022 мерзімде өткізеді.
Бөлісу: