Ирен Кандида де Альберто Соломонмен бірге READING CLUB өтуде



    • Ирен Кандида де Альберто Соломонмен бірге READING CLUB өтуде

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде АҚШ-тың  Мичиган штаты Гранд-Рапидс Аквинат колледжінің түлегі Ирен Кандида де Альберто Соломонмен бірге READING CLUB өтуде.

      Reading club - бұл форматтан тыс сабақ өткізудің, оқу мәдениетін қалыптастырудың және оқырманның тіл үйренуге деген қажеттілігі мен ынтасын арттырудың тамаша тәсілі.

      Осы мақсатта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ирен Кандида де Альберто Соломоннің қатысуымен Reading club өткізіледі.

      Ирен АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд-Рапидс қаласындағы Аквинат колледжін бітірді. Біздің университетте оның бақытты білім алушылары  шет тілі, екі шет тілі мамандығының 3 курс студенттері болды. Олар үшін Ирен әр сенбі сайын әртүрлі форматтағы оқырмандар клубын өткізеді. Оның басты міндеті:

      •  студенттердің ағылшын тілін үйрену процесіне қатысуын арттыру;
      •   сөздік пен грамматиканы дұрыс қолдану;
      •  студенттерді танымал ағылшын әңгімелерімен таныстыру/қызықтыру;

       

      Шетелдік  дәріскерлерден  білім  алған студенттеріміз болашақта білім деңгейінің жоғары  көрсеткіштерін байқатып,  жақсы  нәтижелерге  жететініне сенім  білдіріп,  сәттілік  тілейміз!

      Бөлісу: