Кәсіптік білім беру кафедрасына 30 жыл



    •  Кәсіптік білім беру кафедрасына 30 жыл

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Кәсіптік білім кафедрасының 30 жылдығына орай «Көркем білім беру салаларының интеграциясы-кәсіби шығармашылық процесс» атты оқу-әдістемелік дөңгелек үстел болып өтті Онлайн және офлайн форматта өткен жиынға кафедрада ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлер ұстаздар мен кафедра түлектері, кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

      Мерейтойдың ашылу салтанатында Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Еркін Нұрсағатқызы жиналған қонақтарды, кафедра ұжымын және ардагерлерді атаулы күнмен құттықтады. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры Жамал Базылқызы Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің басшысы Мария Олеговналар сөз алып, мерейтойға деген ізгі телектерін жеткізді.

      Оқу-әдістемелік дөңгелек үстел аясында педагогика ғылымдарының кандидаты профессор міндетін атқарушы Н.Б. Рахметованың «Әйелдер киімін әзірлеу әдіс-тәсілдері», «Компьютерлік графика  және  жобалау», «Тігін бұйымдарын құрастыру» атты 3 оқу құралының тұсауы кесілді.

      Кафедраның ардагер ұстаздары Тазабеков Ниязбек, Тұрғымбай Марат, Абдижаббарова Сайлаухан, Абдраман Күләш және алғашқы кафедра меңгерушісі болған, доцент Тынышкуль Молдашевалар кафедра тарихынан сыр шертті

      Сулейменова Нуржамал «Мектептегі «Көркем еңбек» пәнінен көркемдік білім берудің өзектілігі» тақырыбында баяндама жасаса, аталған мамандықтың алғашқы магистранттары Тастанбек Дария «Көркем еңбек сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру», Умирбекова Саян «Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар» тақырыбында баяндамалар оқыды. Баяндама тақырыбы білім алушылар мен тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.

      Онлайн форматта тікелей байланысқа шыққан өзге де түлектер Кап Бұлбұл, Төлеу Әйгерім, Берікбаева Ботакөз, Кентпаева Маржан өзекті мәселелерді қарастырған баяндамаларымен бөлісті.

      Кафедраның профессор оқытушылары Р.А. Дарменова, Н.Б. Рахметова кафедраның тарихы жайлы деректі естеліктерімен сыр шертіп, әріптестеріне алғыстарын білдірді. Кәсіптік білім кафедрасының бағдарлама көшбасшысы,

      профессор м.а. Сара Мұқашқызы «Көркемдік білім берудегі интеграциялап оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, оқу-әдістемелік дөңгелек үстелге қатысқан қонақтармен білім алушыларға алғысын жеткізді.

      Кафедраның 30 жылдығына орай алғаш рет өткен оқу-әдістемелік дөңгелек үстел жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

      Кафедра тарихына сәл көз жүгіртсек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1992 ж. Жаратылыстану факультетінің «Физика және еңбек кафедрасына» қарасты «Еңбек және киім үлгілерін сәндеу» мамандығы ашылған болатын. Мамандық ашылуына ұлағатты ұстаздар С.Мұқтаров, Ә.Ж.Жамалов Т.Ж. Шилібаева, Ш.А.Абдуалиева, Дарменова Р.А., Н.Б.Рахметова, Қ. К.Алтынбековалар үлес қосты. 2004 жылы «Кәсіптік оқыту және еңбек» кафедрасы болып жеке бөлініп шықты. Кафедра меңгерушілігі болып доцент Ж.Аскарова, Н.Б.Рахметовалар қызмет атқарды. Ал 2008 жылы кафедраның аты «Кәсіптік білім» болып ауысып, кафедраны профессор м.а. Р.А.Дарменова басқарды. Қазіргі таңда кафедраны бағдарлама көшбасшысы, профессор м.а. Сара Мұқашқызы басқарады.

       

      Кафедра оқытушылары мен студенттері, магистрлердің шығармашылық жұмыстары бірнеше халықаралық, республикалық көрмелерге, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Кафедрада Кәсіптік оқыту, Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша аға оқытушы Марат Тұрғынбадың жетекшілігімен «Көркем АРТ» орталығы,  кафедраа  қарасты «Арт Леди» және  «Сиқырлы қылқалам» үйірмелер жұмыс жасайды.

      Бөлісу: