Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін 2 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Университет аймағында №102, №105 сайлау учаскелері өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау белсенді түрде өтуде, еліміздің жарқын болашағын таңдағысы келетін көптеген азаматтар азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, белсенділік танытуда..

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира  Қанай және   Басқарма  мүшелері  де  азаматтық таңдауларын жасады. 

Университетте орналасқан сайлау учаскелерінде бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен университет ұжымы, сондай-ақ студенттер саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлауға қатысу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының басты парызы, баршаңызды өз сайлау бөлімшелеріңізге  барып,  өз таңдауларыңызды  жасауға шақырамыз!