"Қаржы орталығы" АҚ өкілдерімен кездесу өтті



    • «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілдерінің ҚазҰҚПУ-нің мемлекеттік білім  грантында оқитын білім алушыларымен кездесуі 
      2022 жылдың қараша айының 17 жұлдызында  Практика және мансап бөлімі, Қаржы орталығы директорының орынбасары Серікқали Ақзираның қатысуымен мемлекеттік грант негізінде оқитын бітіруші курс білім алушыларымен кездесу өткізді. 
      Кездесу барысында грантты өтеу және жұмысқа орналасу туралы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат берілді. 
      Білім алушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына Қаржы орталығы тарапынан толыққанды жауап алды.

      Бөлісу: