«UstazTalk» жобасы аясындағы кездесу өтеді



    • «UstazTalk» жобасы аясындағы кездесу өтеді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы үшінші кездесу 30 қазан күні сағат 19:00-де өтеді.

      Онлайн форматта ұйымдастырылатын шараның қонағы – Яндекс компаниясының өнім дизайнері Айгерім Катаева.

      Ол Назарбаев Университетінің магистратурасын «Engineering Management» мамандығы бойынша тәмамдап, бірнеше халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған.

      Кездесу барысында А. Катаева өзі қызмет атқаратын компаниядағы жұмыс тәсілінің ерекшелігі туралы, IT саланы дамытудың маңызы жайында әңгімелейді. Сонымен қатар ол «Technovation» халықаралық бағдарламасындағы менторлық қызметі мен «UNICEF Innovation Lab» ұйымындағы тәжірибесімен бөліседі.

      Қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdv3JRd9ShZnFjz_wI5VAX61TCPaCAvZtRMdt61mYAqwxI4Rw/viewform?usp=sf_link

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: