Хореографтарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті



    • Хореографтарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Көпмәдениетті қоғамдағы өнер: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өткенін хабарлаған болатынбыз.

      Аталмыш конференция аясында университетіміздің Хореография және Арт менеджмент кафедрасы мен Біліктілікті арттыру орталығы бірлесіп, өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырды. Курстың алғашқы тәжірибелік курсына Басқарма Төрағасы Гүлмира Қанай, Басқарма мүшелері, институт директорлары қатысып, курс қатысушылары мен ұстаздарға сәттілік тіледі.

      Оқыту курсы «Қазақстан Республикасының хореографиялық білім беру жүйесіндегі халықтық-сахналық биді оқыту үрдісінің ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша іске асып отыр. .

       Курс хореографиялық циклдің негізгі базалық пәндерінің бірі болып табылатын халықтық сахналық биді оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытуға бағытталған

      Бағдарламада грузин, өзбек, орыс, испан, сыған халық билерінің негізгі қимылдары бар.

      Курсқа еліміздің түкпір-түкпірінен хореография саласының мамандары және университетіміздің хореограф оқытушылары да қатысып, өз біліктілігін арттырды.

      Курсқа қатысушылар еліміздің және шетелдік жоғары дәрежелі хореограф ұстаздардан дәріс алды. Атап айтсақ, «Абхаз» мемлекеттік академиялық ән және би ансамблінің оқытушысы және тәлімгері. «Сухошвили» ансамблінің солисті, Халықаралық байқаулардың лауреаты Бачан Чантурия, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, өнертану профессоры, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Күлбекова Айгүл Кеңесқызы, Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясының аға оқытушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Жалилова Ширин Шухратовна.

      Курстың офлайн форматтағы оқыту тәжірибелік сағаттары бір аптаға жалғасты. Енді онлайн форматта бір апталық оқыту курсы аяқталған соң, қатысушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар табысталатын болады.

        Департамент маркетинга и коммуникаций

        Контактный телефон: +7 727 237 00 05      

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz   

      Бөлісу: