Университетімізде шетелдік ғалымдар дәріс өтуде
-
17 қараша, 2022
АҚШ-тың Алабама штатынан келген PhD докторы Сандра Ван Харрис қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде биология және химия білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге дәріс беруде.
Бирмингем қаласындағы Алабама университетінің отбасылық медицина оптометриясы бойынша докторлығын қорғаған Сандра Ван Харрис университетіміздің жаратылыстану институтының 6В01509-Биология, В01508-Химия-Биология білім беру бағдарламаларының ағылшын және көп тілде білім алатын 2, 4 курс студенттеріне «Медициналық биология», «Өсімдіктер систематикасы», «Цитология, гистология және эмбриология» пәндерінен ағылшын тілінде дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісуде. .
Білім беру жүйесіндегі заманауи технологияларды қолдану арқылы, білім алушылардың жоғарыда аталған пәндер бойынша ақпараттарды терең игеруіне шетелдік маман айтарлықтай үлес қосуда.
Білім алушылар күнделікті дәріс барысында пәндерге байланысты негізгі мәліметтерді игерумен қатар, ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін едәуір көтеруге мүмкіндіктері зор.
Сандра Ван-Харрис туралы қысқаша мәлімет.
Білімі:
1992 ж. - Микробиология бакалавры дәрежесі, үздік дипломмен. Magna Cum Laude. Джорджия университеті, АҚШ.
1997 ж. - оптометрия докторы дәрежесін алған (Огайо Мемлекеттік Университеті, Колумбус, Огайо, АҚШ).
1998 – АҚШ-тың Бирмингем қаласындағы Алабама университетінің отбасылық медицина оптометриясы бойынша докторлық дәрежесін алған.
2008 – Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған (Уолден университеті, АҚШ).
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: