Университет ғалымы Чехияда дәріс беруде



    • Университет ғалымы Чехияда дәріс беруде

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық уиверситетінің ғалымы Чехия докторанттарына дәріс оқуда

      Университетіміздің Физика-математика және цифрлық технологиялар институты, Математика кафедрасының профессоры Бакирова Эльмира Чехия Ғылым Академиясының Ядролық физика институтының шақыртуымен шетелдік докторанттарға дәріс оқып, өз білімі мен тәжірибесін бөлісуде.

      Академиялық ұтқырлық–шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұтымды бағдарлама екенін бәріміз білеміз.

      Эльмира Айнабекқызы Чехия Республикасында .30 қазан мен 3 желтоқсан аралығында болып, ғылыми семинарларға және workshop-тарда баяндама жасамақ. Сонымен қатар, SOMPATY, Еуропалық Комиссияның HORIZON 2020 RISE бағдарламасы бойынша, Ядролық физика институтының профессорларымен математикалық физика теориясына қатысты коллобрация жасап, бірлесіп ғылыми жобалар құруды жоспарлап отыр.

       

      Бөлісу: