Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №22



    • Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №22

      2020 жылғы 19 – 23 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      20.10.2020

      – Бүгін түркі әлемі ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал етуді көздейтін Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы басталды. Осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан басқосудың ашылу рәсімі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында өтті.

      ***

      – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының жұмысы «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты панельдік сессиямен ашылды.

       

      21.10.2020

      – Түркі дүниесіне ортақ құндылықтың бірі де бірегейі – ғылым. Түбі бір туысқан халықтардың төл тарихына үңілер болсақ, түркі әлемінен шыққан ғалымдар әлемдік ғылымның шамшырағын жағып, жаһандық өркениеттің өрістеуіне елеулі үлес қосты. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының ашылу рәсімінде айтты.

      ***

      – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы қарсаңында «Түбіміз бір түрікпіз» өнер концерті өтті.

       

      22.10.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Almaty» телеарнасына сұхбат берді.

      ***

      – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумына 108 ғылыми мақала келіп түсті. Жиын қарсаңында жарық көретін жинаққа қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері өз еңбектерін ұсынған.

       

      23.10.2020

      – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының жұмысы 17 секция бойынша жүргізілуде.

      ***

      – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өз жұмысын аяқтады. Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінің ұйытқы болуымен өткен дәстүрлі жиын жұмысы 17 секция бойынша ұйымдастырылып, оған 164 ғылыми мақала келіп түсті.

      ***

      – Ұлы ақын, дала кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 30 қазанда«Өлең – сөздің патшасы...» атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйытқы болған мәдени шара онлайн режімде ұйымдастырылмақ.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: