Шығармашылық дәрістік кездесу өтті
-
02 қараша, 2022
Қазақ ұлттық қыздар педагоикалық университеті, Әлеуметтік –гуманитарылқ ғылымдар және өнер институтының Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақювелир» зергерлік үйінің президенті Аида Инкербаева және Born nomad директоры, шығармашылық сала сарапшысы Айка Әлемі ханымдармен кітапхана залында студенттермен шығармашылық дәрістік кездесу өтті.
«Қазақювелир» зергерлік үйі, зергерлік шеберлікті насихаттау мақсатында жаңа таланттарды іздеп, оларды қолдау мақсатында жыл сайын жас дизайнерлердің халықаралық байқауын ұйымдастырып отырады. Кездесу барысында , Әлеуметтік-гуманитарылқ ғылымдар және өнер институтының директоры Жамал Әшірбекова қонақтарға Қыздар университетінде білім алып жатқан студенттері мен профессор оқытушыларының шығармашылық еңбектерімен таныстырды.Кәсіптік білім кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Сара Мұқашқызы білім алушы түлектердің білім беру бағдарламасы бойынша алатын біліктіліктері және қосымша бағдарламалардың ерекшелігі туралы айтты.
«Қазақювелир» зергерлік үйінің президенті Аида Инкербаева студентерге сән, стиль, медиа-индустрия саласы бойынша құнды кеңестер берсе, Born nomad директоры Айка Әлемі «Бизнесті құру» жайлы дәріс оқып, жас таланттарға коммерцияландырудың түрлері мен авторлық әдістерімен бөлісті.
Болашақта аталмыш сала мамандарымен бірлесіп, жас таланттарды түрлі байқауларға қатыстыру, «Қазақювелир» зергерлік үйінде және байқау серіктестерінің кәсіпорындарында тәжірибеден өту, жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылып,серіктестікте жұмыс жасалмақ.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: