Қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына 125 жыл



    • Қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына 125 жыл

      Университетіміздің Арт менеджмент және хореография кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновті еске алу кеші болып өтті. Биыл қайраткердің туғаны 125 жыл толып отыр.

       «Біз оны қазақ театрының атасы ретінде қазақ өнері мен әдебиетінің білімдары ретінде және Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры ретінде білеміз», - дейді белгілі өнер майталманы Құрманбек Жандарбеков. Темірбек Қараұлының есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады.

      Қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап,өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында өткен шарада Т.Жүргенов туралы танымдық деректі фильмнің үзіндісімен ашылды.Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері «Поэзия парағынан» атты поэтикалық қойылым мен Жүргеновке арнау өлеңдерін арнады «Томирис» би тобы «Томирис», «Қаратойғай» билерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйласа, «Жез киік» әні мен«Көроғлұ» күйі, «Ағалар армандар» атты хор.да қойылды.

      Жазушы Ғабит Мүсірепов: «Жүргенов – тілді де тісті, жігерлі де іскер адам», – деп, талантына ерекше ден қойып, ыстық ілтипатпен еске алса, жазушы Әбіш Кекілбаев«Біз қазақ мәдениетінің шырқау шыңдары үшін Темірбек рухының алдында қарыздармыз» деген.

      Расына бүгінгі ұрпақ Темірбек Жүргеновтің ерен еңбегінің  алдында әрдайым қарыздар. Олның есімі қазақ мәдиетінің тарихында мәңгі жазылады.

      Бөлісу: