QyzPU-да Республика күні аталып өтті



    • QyzPU-да Республика күні аталып өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешке Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік кеш болып өтті. Салтанатты кешке еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің генерал-майорлары, университеттің басқарма мүшелері, жалпы университет ұжымы қатысты.

      Айтулы мерекеге орай Басқарма Төрағасы Гүлмира Әмірханқызы мерекенің маңызы мен мәніне тоқталып, ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады.

      • Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізіп, қазан айының жиырма бесіне - «Республика күні» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, бұл күнді жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуді тапсырғандығы белгілі.

      Бұл күн – көк туымыздың көкте желбіреген күні!

      Бұл күн – әлем картасынан Атырау Алтай арасы кең байтақ қазақ жерінің шекарасын бекітіп, Біріккен Ұлттар Ұйымына Қазақстанның өзге өркениетпен терезесі тең тәуелсіз мемлекет ретінде енген күні!

      Егемен еліміздің алдағы уақытта да қарыштап дамып, экономикамыздың өркендеп, мемлекеттік тіліміздің өз тұғырына отырып өрістейтініне, жастарымыздың спорт пен өнер, ғылым мен білім жарыстарында биіктерді бағындыратынына сеніміміз мол. Бұл жолда, ұлт болашағы өскелең ұрпақты тәрбиелейтін, ұстаздар дайындайтын, біздің білім ордамыздың – Қыздар университетінің де қомақты үлесі болары сөзсіз.Қай ұлт болмасын, ең қасиетті мереке – бостандық, тәуелсіздік, егемендік, теңдік! –деп атап өтті Басқарма Төрағасы –Ректор Гүлмира Қанай.

      Еліміздің Республика болып сақталуы, шекарасының шегенделіп,тыныштықта болуы біздің әскери азаматтарымызға тікелей байланысты.Кеш қонақтары , Ұлттық қауіпсіздің комитетінің генерал-майорлары Махамбет Мұстафа Қанафияұлы, Отарбаев Шаймұрат Шәукетұлы, Мажитов Марат Әлімжанұлы жастарға елдің беріктігін сақтап қалу үлкен іс екенін, егемендігіміздің жолында аянбай еңбек ету керектігін түсіндіріп, мерекемен құттықтады.

      Республика күніне орай оқу ордасының дамуына зор үлес қосқан қызметкерлер, сонымен қатар «Менің арманымдағы Қазақстан» атты республикалық эссе байқауының 1 кезең жеңімпаздары Ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

                  Республикалық эссе байқауының 1 кезең жеңімпаздары Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Қуантай Гүлдана І дәржелі дипломмен, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Еркежан Армия ІІ дәрежелі дипломмен, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Аблақат Арайлым ІІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды.

      Мерекемен қатар келген тағы бір жағымды жаңалық, университетіміздің ардагер ұстазы, профессор Исағұлова Ағима Шермұхамбетқызының «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алуы болды.

      Университетіміздің түлегі Ағима Шермұхамбетқызы 1967 жылдан бері Қызақ ұлттық қыздар университетінде қызмет етіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаз. Атақты «Айгүл» вокалдық-аспаптар ансамлінің негізін қалаушы, әнші, өміршең туындыларын шәкірттері, есімі елге танымал эстрада жұлдыздары Галина Қарамолдаева, Тамара Асар, Дина Хамзина, Ұлжан Айнақұлова, Гүлнұр Өмірбаева Алтын Махамбетова орындап жүрген. сазгер.

      Республикамыздың дамуына осындай талатты еңбекқор жандардың үлесі екенін айтқан Басқарма Төрағасы Гүлмира Әмірханқызы аяулы ұстазды құрметті атағымен құттықтап,ұжым атынан ыстық ықыласын білдірді.

      Ұлттық мәртебе алған ұлық мереке—Республика күні концерттік бағдарламамен әрленіп,тамаша көңіл-күймен аяқталды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу:

      Бөлісу: